Шетелде жүрген қазақстандықтар ПТР анықтамасыз ұшып келе алады

0
591

Отандастарымыз ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз оралуға құқығы бар.


Шетелде жүрген қазақстандықтар ПТР анықтамасыз ұшып келе алады

ERNUR.KZ. ВАК 26 қазанынан бастап халықаралық әуе тасымалын жүзеге асыратын әуе компанияларына ПТР-тестінің нәтижелері туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл талап тек шетелдік азаматтарға қатысты. Шетелде жүрген ҚР азаматтарының әуе рейстерімен ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтамасынсыз отанына оралуға құқығы бар.

Мұндай жағдайда ҚР-ға келгеннен кейін қазақстандықтар ПТР-тестілеу нәтижесін алғанға дейін карантинге орналастырылатын болады.

ҚР өңірлері арасындағы ішкі әуе рейстерінің ұшағына отырғызу кезінде ПТР-тест нәтижесі туралы анықтама талап етілмейді.