Шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген жолаушылар Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кетті

0
797

Олардың екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны


Шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген жолаушылар Нұр-Сұлтан әуежайынан қашып кетті

ERNUR.KZ. 23 қазанға қараған түні Қазақстанға шет елдерден 11 халықаралық рейспен 1291 жолаушы ұшып келген. Қала әуежайларына қонған 962 жолаушыда тиісті анықтама болса, 329 жолаушыда ол болмаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 5 рейспен 522 жолаушы келген (373 жолаушыда анықтама болса, 149-ында жоқ).
  • Алматы қаласының әуежайына 5 рейспен 728 жолаушы келген (548 жолаушыда анықтама болса, 180-інде жоқ).
  • Ақтау қаласының әуежайына 1 рейспен 41 жолаушы келген және олардың барлығында тиісті анықтама болған.

Қазақстанға қажетті анықтамасыз келген жолаушылардың бәрі ПТР-тест тапсыру үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы карантиндік стационарларға жеткізілген.

Жолаушылар халықаралық рейспен Түркия, Египет, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресей елдерінен келген.

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, Шарм әл-Шейх қаласынан (Египет) тиісті анықтамасыз келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны ПТР-тесттен өту үшін арнайы автобусқа отырғызатын кезде әуежайдан қашып кеткен. Көлік полициясы қызметкерлері олардың мекенжайын анықтап, карантиндік ауруханаға жеткізген.

Еске сала кетейік, 26 қазаннан бастап Қазақстанға халықаралық рейстермен келетін жолаушылардың бәрінде, оның ішінде Қазақстан азаматтарында ПТР-тесттен өткені туралы анықтамасы болуы міндетті.