Қазіргі кезде 200 еуро мен 31 келіден асатын тауар үшін электронды сауда декларациясын тапсыру қажет
фото: Официальный сайт премьер-министра Казахстана
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин маркетплейстерден тауар сатып алғанда декларация тапсыру тәртібін түсіндірді, деп жазады sputnik.kz.
Қазіргі кезде 200 еуро мен 31 келіден асатын тауар үшін электронды сауда декларациясын тапсыру қажет. Оны электронды сауда операторы - Қазпошта немесе DHL өздері жіберіп отырады. Ал Кеден кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енгеннен кейін шетелден сатып алынған барлық тауар үшін кедендік декларацияны тапсыру міндеті енгізіледі. Ал операторлар осы қызметті ақылы түрде ұсынады.
"Бүгінде 200 еуро мен 31 келі деп отырмыз. Осы шектеудің аясында декларация үшін ақы алынбайды. Сондықтан бұл жерде ештеңе өзгермейді. Ал шекті нормадан асқан тауарлар үшін декларацияның ақысы шамамен 4000-5000 теңгедей болады. Оператор оны өзі белгілейді", - деді Жұманғарин мәжілістің жалпы отырысында.
Айта кетері, мәжіліс депутаттары 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялауға арналған заңының жобасын қарауға кірісті.