Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзара ма – ІІМ жауап берді

0
890

Аға инспектордың сөзінше, 1 шілдеге дейінкеліп түскен өтініштер әрі қарай да қарала береді.


Шетелдік көліктерді заңдастыру мерзімі ұзара ма – ІІМ жауап берді

ERNUR.KZ.Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің айрықша тапсырмалар бойынша аға инспекторы Алтынбек Жамалиев шетелдік көліктерді заңдастыру туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Аға инспектордың сөзінше, 1 шілдеге дейінкеліп түскен өтініштер әрі қарай да қарала береді.

"Айта кетейін, егер 1 шілдеге дейін өтініш беріп үлгерсеңіз, бұл өтінішті әрі қарай да қарай береміз. Байбалам салудың керегі жоқ, әлі уақытымыз бар. Көлікті заңдастыру үшін 1 шілдеге дейін өтініш беру маңызды", – деді Жамалиев.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 177 мың шетелдік көлік пен 10 мыңға жуық конструктор көліктер заңдастырылған. Заңдастыру туралы алдын ала рұқсат 13 мың көлікке берілген. Олардың 90%-ы алдағы уақытта елде тіркеледі деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда өзге елде есепте тұрған автокөлікті 5 жылға уақытша тіркеуге рұқсат берілген еді.