Қанат Бозымбаев салаға мемлекеттік бақылауды күшейту үшін Әділет министрлігі суррогат ана болу шарттарын Біртұтас нотариаттық ақпараттық жүйеде міндетті есепке ала бастайтынын да айтқан.
Фото: freepik.com
– Қолданыстағы заңнама бойынша, қазір Қазақстан Республикасының азаматтары да, шетел азаматтары да суррогат ана қызметіне тапсырыс бере алады. Іс жүзінде халықаралық суррогат ана болу жағдайларында түрлі қақтығыстар мен сот процестері туындай бастады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының аумағында суррогат ана болу қызметін тек Қазақстан азаматтарына ғана көрсету туралы норманы белгілеу бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігі пісіп-жетілді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне түзетулер әзірлеп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр. Мүдделі мемлекеттік органдардың келісімін алғаннан кейін Парламентке белгіленген тәртіппен енгізіледі, - делінген жауапта.


