Шетелге заңсыз шығарылған активтер: 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған

0
671

Комиссия жұмысы шеңберінде заңдарға түзетулер әзірленген.


Шетелге заңсыз шығарылған активтер: 56 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған

ERNUR.KZ. Үкімет басшысының баспасөз қызметі Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтару жұмыстарының аралық нәтижесі туралы айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі ақпанда үкімет шетелден елге капиталды қайтаруды ынталандыру тетіктерін әзірлеу жөніндегі комиссия құрғанын еске салды.

"2019, 2020 және 2021 жылдардағы қаражаттың шығуына талдау жүргізілді. Салық органдарының жұмыс нәтижелері ҚМА-ға берілді. 56 тұлғаға қатысты 440 миллиард теңгеге жуық қаражатты шығару фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 12 миллиард теңгеге қосымша салықтар есептелді, салық бойынша 29 тексеру жүргізіліп жатыр. 271 миллиард теңгенің операциялары қарастырылып жатыр", - делінген хабарламада.
Комиссия жұмысы шеңберінде заңдарға түзетулер әзірленген.
"Елге капиталды қайтаруды ынталандыру мақсатында валюталық түсімдердің 80 пайызын айырбастау шартымен қайтаруға ұсынылған ҚҚС сомаларын оңайлатылған қайтару қарастырылған. Мемлекеттік кірістер органдарына валюталық бақылау функцияларын беру мәселелері пысықталып жатыр", - деп қорытындылады Үкімет өкілдері.