Шілдедегі 42 500 теңге: өтінішті қалай және қашан беру керек

0
1 107

17 шілдеден бастап әлеуметтік төлемге өтініш қабылдана бастайды.


Шілдедегі 42 500 теңге: өтінішті қалай және қашан беру керек

ERNUR.KZ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына берілетін 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмектің мән-жайын айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"42 500 теңге ТЖ кезіндегі ереже бойынша беріледі. Яғни, табысынан айырылған азаматтар, оның ішінде, жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға.

Бұл жолы көмек бір айға қарастырылған. Оператор - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Алдыңғы жолы қаражат шектеулі екенін хабарлағанбыз. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп бір аптаның ішінде қаржылық мәселені шешуі тиіс.

Жұма өтініш тастауға арналған барлық портал жұмысын бастап, дүйсенбіден әлеуметтік көмекті төлеуді жоспарлап отырмыз", - деді министр ОҚК брифингінде.

Оның айтуынша, 17 шілдеден бастап әлеуметтік төлемге өтініш қабылдана бастайды.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж жандарға шілде айында да 42 500 теңге төленетінін айтқан.