ШҚО-да алты жасар бала бетон плиталар арасында қысылып қалды

0
384

Көшеде ойнап жүрген бала бетон плиталардың арасына кіріп кептеліп қалған.


ШҚО-да алты жасар бала бетон плиталар арасында қысылып қалды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында жергілікті тұрғындар мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бетон плиталардың арасында қысылып қалған алты жасар баланы құтқарды, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға Ақсуат ауылында болған. Көшеде ойнап жүрген бала бетон плиталардың арасына кіріп кептеліп қалған.

"Алдымен плиталарды бөлшектеу үшін жүк тиегіш пен кранды шақырамыз дедік. Алайда бала қатты жылағандықтан жүк тиегішке уақыт жұмсамайық деп, 18-ӨСБ жүргізушісі Дархан Байғалиев пен "МҮ проект" кәсіпорнының шебері Азамат Дүзкеев бетонға жақындап қысылған баланы алып шықты", - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлерінің сөзінше, бала ешқандай жарақат алмаған.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары ата-аналарды балаларына жақсылап қарауға шақырады.