ШҚО-да биыл 36 адам бруцеллез жұқтырды

0
126


ШҚО-да биыл 36 адам бруцеллез жұқтырды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 36 адам бруцеллез жұқтырды, деп жазады kaz.inform.kz.


ШҚО ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, биыл өңір бойынша 1120 ірі қара бруцеллезбен ауырды.

“ Жыл сайын бруцеллезбен ауырған мал саны азайып келеді. Мәселен, осыдан 3 жыл бұрын 2374 ірі қара осы ауруға шалдыққан болатын. Бұл вакцина салдыру жұмыстары күшейтілгенінің нәтижесі. Ол мал мен адамды 80%-ға қорғайды,” — дейді басқарма басшысы Рамиль Сағындықов.
Алайда адамдар арасында бруцеллез жұқтырғандар азаймай тұр. Биыл осындай 36 адам тіркелді.

“Күршім, Глубокое мен Үлкен Нарын аудандарында ауырғандар санының өскені байқалып отыр. Барлық науқас емделіп шықты. Өлім-жітім болған жоқ”, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев.