ШҚО-да бұрынғы жұмыс орны туралы жалған ақпарат таратқан әйел айыппұл арқалады

0
586

Сот оған жаза ретінде 434 700 теңге айыппұл тағайындады.


ШҚО-да бұрынғы жұмыс орны туралы жалған ақпарат таратқан әйел айыппұл арқалады

ERNUR.KZ. Азаматша әлеуметтік желіде бұрынғы жұмыс орны туралы жалған ақпарат таратты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Алтай аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қала тұрғыны жергілікті кафелердің бірінде аспаз болып жұмыс істеген. 2023 жылдың қарашасында ол жұмыс берушінің қалауымен жұмыстан шығарылды. Содан кейін тамақтану мекемесінің бұрынғы қызметкері әлеуметтік желілерде кафеде антисанитария бар екендігі туралы бейне жариялады. Жүргізілген тексеру ешқандай бұзушылықтарды анықтаған жоқ.

«Әйел Әкімшілік кодекстің 73-3-бабының 2-бөлігі бойынша "бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, шындыққа сәйкес келмейтін, басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді жария түрде тарату" бойынша кінәлі деп танылды. Сот оған жаза ретінде 434 700 теңге айыппұл тағайындады», - делінген хабарламада.