ШҚО-да әйел күйеуін пышақтап тастады

0
855

Алтай ауданындағы ауруханаға 35 жастағы қала тұрғыны пышақ және кеуде қуысының сол жақ жарақаты диагнозымен жеткізілді.


ШҚО-да әйел күйеуін пышақтап тастады

ERNUR.KZ. Жанжал кезінде әйел күйеуінің кеуде тұсына пышақ сұғып алған, деп жазады Stan.kz.

Алтай ауданындағы ауруханаға 35 жастағы қала тұрғыны пышақ және кеуде қуысының сол жақ жарақаты диагнозымен жеткізілді. Істі қарау барысында белгілі болғандай, 3 қараша күні кешке жәбірленуші әйелімен бірге қонаққа келген. Ішімдік ішіп отырып жанжал туындап, әйел күйеуін пышақтап тастаған.

“25 жастағы әйелді полицейлер ұстады. Жауап алу кезінде күдікті кінәсін мойындады. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деді облыстық полиция басшысы Сағат Мәдиев.

Бұл баптың санкциясында 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгені атап өтілді.