ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкері ұсталды

0
691

Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған.


ШҚО-да көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкері ұсталды

ERNUR.KZ. Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған, деп жазады baq.kz.

"Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған. Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейінгі аралықты құраған, оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде Инспекция қызметкерлеріне беріп отырған. Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін болған", - делінген хабарламада.
Барлығы ақша аударымының 20-дан астам эпизодтары құжатталды.
4 адамға қатысты сот «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады және тергеуге барынша көмек көрсететін болады.
Қазіргі уақытта агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады.