ШҚО-да көпбалалы отбасылар үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады

0
604

Көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұяларға үй алу үшін 2,2 млн теңге мөлшерінде көмек көрсетіледі.


ШҚО-да көпбалалы отбасылар үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы отбасылар «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында үйді нарықтағы бағадан екі есе арзанға ала алады, деп жазады ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала, аудан әкімдерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшылығымен, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін банк өкілдерімен кезекті жиын өткізді.

«Көпбалалы, толық емес отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі балалары бар жанұяларға үй алу үшін 2,2 млн теңге мөлшерінде көмек көрсетіледі. Бірақ мұндай жеңілдік тек «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы арқылы үй алатын отбасыларға ғана жасалады. 2,2 млн теңге – бұл пәтер құнының 25 пайызын құрайды. Өйткені мұндай тұрғын үйдің шаршы метрінің бағасы - 160 мың теңге. Бұл коммерциялық нарықтағы баспана құнынан екі есе төмен», - деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бүгінде аталған санаттағы 104 отбасы бағдарламаға қатысуға ниет білдірген.

«Талдау көрсеткендей, азаматтардың басым көпшілігі ескі үйлерден пәтер алғысы келеді. Бірақ «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша салынған екіпәтерлі үйлерде барлық жағдай жасалғанын атап өткім келеді. Әр үйдің 6-10 соттыққа дейінгі қосымша жер учаскесі бар», - деді Даниал Ахметов.