ШҚО-да көпбалалы отбасыны үй кезегінен заңсыз шығарып жіберген

0
196

Үй кезегінен не үшін шығарып тастады?


ШҚО-да көпбалалы отбасыны үй кезегінен заңсыз шығарып жіберген

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында үй кезегінен шығып қалған отбасы сотқа арыз түсірген, деп жазады inbusiness.kz.




ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, сотқа шағым түсірген ер адам өзінің көпбалалы отбасы ретінде үй кезегіне тұрғанын, бірақ еш себепсіз кезектен шығып қалғанын жеткізген.

Талап арыз Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің үстінен берілді. Сот мән-жайды тексере келе, отбасын мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінен алып тастауға заңды негіз жоқ деген қорытындыға келді.

"Талапкердің көпбалалы отбасы екендігі іс материалдарымен расталды. Сот шешімімен отбасы қайта кезекке қойылды", – делінген ақпаратта.