Екі тәуліктен бері қар жаууына байланысты жол жабылған.
ШҚО, Алтай қаласында екі тәуліктен бері қар жаууына байланысты жедел жәрдем көлігі жете алмаған, деп жазады YK-news.kz.
Зейнет жасындағы әйелге мединалық көмек қажет болған. Бірақ жеке секторларда жол жабылып, ауа райының қолайсыз болуынан оған жедел жәрдем жете алмаған. Медқызметкерлер жаяу барып, көмек керек болған зейнеткерді жүктиегіштің "шөмішімен" тасымалдауға тура келген.