ШҚО-да өртенген үйден 58 жастағы ер адамның денесі табылды

0
386

Алтай қаласында отты абайсыз пайдалану салдары кісі өліміне әкеліп соқты.


ШҚО-да өртенген үйден 58 жастағы ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. 30 қарашада Алтай ауданындағы Абай көшесінде жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп жазады Inbusiness.kz.

Оқиға орнына келген өрт сөндіру қызметкерлері тұрғын үйдің бөлмесінің қабырғасы және ағаш едені жанып жатқанын анықтаған. Газ-түтіннен қорғау тобы түтінге толы үйді барлау кезінде 1965 жылы туған үй иесінің денесі табылды.

"Өрт толығымен 6 шаршы метр аумақта сөндірілді. Өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрттің себебі бойынша - отты абайсыз қолдану болжамы қарастырылуда", - делінген ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Құтқарушылар қыс мезгілінде тұрғындар өз қауіпсіздігіне және үйлерді өрттен қорғаулуына қамқорлық жасауы керектігін ескертеді.