Қайғылы жағдай өрт қауіпсіздігін сақтамау салдарынан болған
ERNUR.KZ. ШҚО –да тұрғын үйде газ баллон жарылып, әйел адам көз жұмды, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Глубокое ауданы Веселовка кентіндегі Ленин көшесіндегі өрт туралы хабарлама 4 сәуірде сағат 06:43 шамасында келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген кезде ашық жалынға оранған тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Туыстары үйде мүгедек әйел болуы мүмкін екенін айтты. Газ- түтіннен қорғау қызметінің буынын құрған құтқарушылар жанып жатқан тұрғын жайға кіріп, 1969 жылы туған әйелдің денесін тауып алды. Ол I топтағы мүгедек болған еді. Өрттің себебі - электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау. Өрттің жалпы ауданы 45 ш.м. болды, оны сөндіруге барлығы жеке құрамнан 7 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.