Мурал ауылдың мәдени жаңғыруының символына айналады.
ERNUR.KZ. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлан ауданының орталығында №9 үйдің қасбетінде Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған мурал – арт-нысан (қабырғаға салынған батырдың суреті) орналастырылады.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады.
Мурал ауылдың мәдени жаңғыруының символына айналады.
Мерейтой қарсаңында Батырлар аллеясы мен ескерткіш стелланы қайта жөндеу, тас төсеніштерді ауыстыру, гүлзарлар мен қоршаулар орнату жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Украинка ауылында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай жаңа мұражай ашу көзделуде.