Барлық оқиғаларда өрттің шығу себебі – отпен абайсыз әрекет ету.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 3 күн ішінде 6 өрт оқиғасы тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Абай ауданындағы жеке тұрғын үйдің ауласында 7,5 тонна, Катонқарағайда 12 тонна, Жармада 1,5 тонна, Зайсанда 18 тонна пішен жанып кетті.
«Шөп тасымалдау кезінде «Зил-130» көлігінің артындағы 2 тонна пішен, кабина мен дөңгелек тысы өртенді. Тілсіз жаудың жалпы аумағы – 9 шаршы метр. 1959 жылы туған меншік иесі өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынды өз күшімен өшіруге тырысқан. Соның салдарынан оның қолын күйік шалды» деп хабарлады ведомство өкілдері.
Барлық оқиғаларда өрттің шығу себебі – отпен абайсыз әрекет ету. 2020 жылдың тамызынан бастап Шығыс Қазақстанда 400 тоннаға жуық жемшөп өртенген.