Шортанды ауылындағы жарылыс: Қаза тапқандардың кім екені белгілі болды

0
572

Белгілі болғандай қаза тапқан екі әйел мұғалім болып жұмыс істеген.


Шортанды ауылындағы жарылыс: Қаза тапқандардың кім екені белгілі болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысы Шортанды ауылында газ баллоны жарылып, бірнеше адам қаза тапты. Қайтыс болғандардың кім екені белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Белгілі болғандай қаза тапқан екі әйел мұғалім болып жұмыс істеген.

Қайғылы оқиға кезінде үйдің ішінде екі отбасы болған. Үй иелері мен оларға баласымен келген қонақтар оқиға салдарынан зардап шекті. Үш адам қаза тапты. Олардың ішінде екі әйел мен үш жасар бала бар. Екі әйел де мұғалім болып шықты.

"1988 жылы туған Баршагүл Рахат Шортанды ауылындағы 3-орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Алтынгүл Қуан "Айналайын" шағын орталығында тәрбиешінің көмекшісі. Бала күтіміне байланысты демалыста болған", - деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

Басқарма басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова атап өткендей бөлім балаларды ауруханадан шыққаннан кейін жалпыға бірдей білім беру аясында қажетті барлық көмекпен қамтамасыз етеді.

Аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтап, зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетумен айналысатын жедел штаб құрылды. Көкшетаудағы "Науан хазірет" мешіті де арнайы шұғыл есепшот ашылған. Облыс әкімі қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Енді сабыр сақтау маңызды. Қайтыс болғандарды жерлеуді ұйымдастыруға, еске алу шараларын ұйымдастыруға көмектесетін боламыз", - деді аймақ басшысы.

Облыста облыс әкімінің орынбасары Малғаждар Тәткеев жетекшілік ететін жедел штаб құрылды. Ол оқиғаның мән-жайын анықтап, отбасыларға көмек көрсетуде. Өңір басшысы жедел кеңесте қайғылы оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі түсінуді тапсырды.

"Төтенше жағдайлар департаменті бұл жағдайдың неліктен орын алғанын анықтауы керек. Баллон қайдан келді, ол қандай күйде болды, қандай толтырумен болды деген мәселелер толық зерттелуі керек. Алдын ала мәліметтер бойынша өрт сөндіру көлігі кеш келгенн. Ақпарат алдымен ауруханаға, кейін полицияға түсті. Содан кейін ғана төтенше жағдай органдарына хабарланды”, - деді Маржықпаев.

Еске салайық, құтқарушылар әзірге өрттің нақты себебін жариялаған жоқ. Негізгі алдын ала нұсқаға сәйкес, бұл газ баллонын пайдалану ережелерін бұзу болып табылады.

Ал, Көкшетаудағы "Науан хазірет" мешіті зардап шеккен отбасыларға шұғыл көмек жинайтынын хабарлады. Осы сағатқа дейін 1 миллион 115 мың теңге жиналды.

Жарылыс 16 қараша күні кешке Шортанды ауылында болды. Нұр-Сұлтан мен Шортанды ауруханаларында сегіз адам жатыр. Төрт бала жансақтау бөлімінде жатыр, екеуінің жағдайы өте ауыр.