​Шұғыл қоңырау: телефон ұрыларынан сақ болыңыз

0
1 065

Қаланың үш тұрғыны көшеде келе жатқан белгісіз адамдар қоңырау шаламын деген сылтауға сеніп телефонынан айырылғанын айтады


​Шұғыл қоңырау: телефон ұрыларынан сақ болыңыз

ERNUR.KZ. Астана қаласының полиция қызметкерлері ұялы телефондарды ұрлауға бағытталған алаяқтық жағдайларының жиілеп кеткені туралы азаматтарды ескертеді. Алаяқтардың жиі қолданатын «шұғыл қоңырау шалу» туралы өтініші алаяқтық тәсілдердің ішінде кең тараған түрі, деп жазады BAQ.KZ.

Қаланың үш тұрғыны көшеде келе жатқан белгісіз адамдар қоңырау шаламын дегенді сылтауратып, олардың ұялы телефондарын иемденіп кеткені және белгісіз бағытта жасырынып кеткені туралы полицияға арызданды.

Осылайша, полицияға көшесі бойында өтіп бара жатқан ер адамның ұялы телефонын сұрағаны туралы азамат арызданды. Қолына телефонды алғаннан кейін, сол сәтті пайдаланып, ер адам жасырынып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Егер де сізден телефоныңызды сұраған жағдайда мұқият болыңыз. Өтіп бара жатқан адамға көмектескіңіз келсе, телефонды бейтаныс адамның қолына әсіресе қараңғы тәулікте бермей, нөмірді өзіңіз теріңіз. Алаяқтардан сақ болыңыз.

Сізге және сіздің жақындарыңызға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда тез арада Астана қаласы ПД жүгініңіз (Бейбітшілік көшесі 19) немесе 8 (7172) 71-65-50 немесе 102 телефонына қоңырау шалыңыз.