Бүгінде QazVac вакцинасының бірінші компонентімен 699 мың 976 адам егілді.
ERNUR.KZ. QazVac вакцинасының тиімділігі жалпы 96 процентке дейін жетіп отыр, деп жазады 24.kz.
Бүгінде QazVac вакцинасының бірінші компонентімен 699 мың 976 адам егілді. Тағы 584 мың 047 адам отандық екпенің екніші компонентін қабылдады. Тиімділігіне келер болсақ, салдырған азаматтар қайта ауруға шалдығу фактілері өте төмен.
QazVac вакцинасы Қырғызстанға экпортталады. Бұдан бөлек, Швейцария тарапынан да қазақстандық вакцинаға қызығушылық бар.
"Отандық QazVac вакцинасында дельта штамына төтеп беруге арналған дельтаның қосымшасы қосылған. Сол себепті біздің вакцинаның артықшылығы сонда. Ревакцинациядан 21 қарашадан бері QazVac вакцинасымен 34 мың 774 мың адам қабылдаған. Яғни отандастарымыздың отандық вакцинаға сенімі жоғары", - дейді Ержан Байтанаев, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі.