Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы орман өртімен күрес жалғасуда

0
678

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.


Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы орман өртімен күрес жалғасуда

ERNUR.KZ. Тілсіз жаудың жалпы ауданы анықталуда, деп жазады inbusiness.kz.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Жетуі қиын таулы жерде шөп пен бұта өртенуде. Сол жерге өрт сөндірушілердің, орманшылардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің жеке құрамынан 123 адам, 3 техника жұмылдырылған. ШҚО әкімдігінің авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы да тартылды. Тікұшақтармен барлығы 10 рет су төгілді. Белсенді жану ошақтары жоқ. Кей жерлерде жекелеген түтіндер байқалады. Ол жерлерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуына жол берілген жоқ", - делінген ақпаратта.