Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
иллюстрациялық фото
ERNUR.KZ. Көмір тиеген 9 вагонның рельстен шығып кетуіне байланысты қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл оқиға бүгін, яғни 28 ақпан сағат 05.30 шамасында Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының Дегелең стансасында болған.
Екі маневрлік тепловозды қосқан кезде «Қаражыра-Дегелең» бағытындағы 3503 жүк пойызының көмір тиелген 9 вагонының доңғалақтары рельстен шығып, 4 вагон бір жағына ауып кеткен.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бұл жағдай басқа пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп жатыр.