Шығыс Қазақстанда шахтада жұмысшы биіктен құлап, қаза болды

0
276

Жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлаған.


Шығыс Қазақстанда шахтада жұмысшы биіктен құлап, қаза болды

фото: Sputnik / Владимир Песня

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында шахтада жұмысшы биіктен құлап, қаза тапты, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға 9 мамырда "Шығыстүстімет" серіктестігінің Артемьев шахтасында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң-желдету қызметінің механигі шамамен 9 метр биіктіктен құлап, қаза болған.

Жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Тергеу жүріп жатыр.
Компания қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның отбасына тиісті көмек көрсетіледі.