Жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні Күршім ауданының аумағында болған.
ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысында тасжолда жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысып, 4 адам қаза болды, деп жазады ҚазАқпарат.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 3 тамыз күні Күршім ауданының аумағында болған.
«Күршім-Қалжыр» тасжолының 99-шақырымында «Nissan Teana» маркалы автокөлік пен КамАЗ соқтығысты. Соның салдарынан жеңіл көліктегі 4 жолаушы, оның ішінде 2023 жылғы сәби сол жерде көз жұмды», - делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта жол апатының нақты қалай болғаны, кімнің кінәлі екендігі белгісіз.
Полиция қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Еске салсақ, осыған дейін Риддерде бір апта бұрын жоғалған әйелдің денесі өзен жағасынан табылғаны хабарланған.