Шымкенттік оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

0
204


Шымкенттік оқушылар халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

Халықаралық математикалық 1-5 сынып оқушыларына арналған FEMO INTERNATIONAL VI олимпиадасы Ташкент қаласында 1-3 маусым аралығында өтті.

Халықаралық олимпиадаға Қазақстан, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Беларусь, Франция, Чехия, Швеция, Польша, Ресей және Индонезия мемлекеттері қатысты.
Жеке сайыс нәтижесі бойынша Шымкент қаласынан:
І орын - Тұрапбай Мұхаммедали, Zerdeli International School 4 сынып оқушысы;
ІІІ орын - Әшірбай Бекарыс, Zerdeli International School 5 сынып оқушысы;
ІІІ орын - Жарылқап Аңсар, Zerdeli International School 3 сынып оқушысы марапатталды.
Топтық сайыс бойынша:
Тұрапбай Мұхаммедали және Әшірбай Бекарыс БАС ЖҮЛДЕ иегері атанды.

Жеңімпаздарды, жетекшілерін, пән мұғалімдерін және мектеп ұжымын құттықтаймыз!

Бөлісу