Шырша кескендер сотталады - ІІМ

0
697

Жаңа жыл қарсаңында полицейлер табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын бақылауды күшейтті.


Шырша кескендер сотталады - ІІМ

ERNUR.KZ. Елдімекендерде қылқан жапырақты ағаштардың сатылуын бақылау, оларды белгіленбеген жерлерде өткізуге тыйым салу, сондай-ақ, тиісті құжаттарсыз тексеру жүргізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте айтылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бақылауды күшейту мақсатында автожолдарда, сондай-ақ базарларда және басқа жерлерде 300-ден астам мобильді топ құрылған.

«Қылқан жапырақты ағаштарды сатуға рұқсаттың жоқтығы анықталған жағдайда, сатушы жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Осы бап бойынша:

  • Жеке тұлғаларға - 15 АЕК мөлшерінде,
  • Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 30 АЕК мөлшерінде,
  • Орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады немесе ескертулер жасалады.

Орман ағаштарын заңсыз кесу анықталған кезде ҚР Қылмыстық кодексінде бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза көзделеді»,-деп мәлімдеді ҚР ІІМ министрлігі.

Алдын алу шарасы жаңа жылдық мерекелерге дейін жалғасады.