21 мамырда Астанада ШЫҰ елдерінің СІМ басшылары кеңесі өткен болатын.
ERNUR.KZ. ШЫҰ-ның келесі саммиті қашан және қайда өтетіні анықталды, деп жазады zakon.kz.
"Биылғы 3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді", делінген хабарламада.
Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады.
Форумға бақылаушы елдер мен диалог бойынша серіктес мемлекеттердің басшылары қатысады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, соңғы рет 21 мамырда Астанада ШЫҰ елдерінің СІМ басшылары кеңесі өткен болатын.