Сібір жарасына байланысты Абай облысындағы ауылдардың біріне төтенше жағдай енгізілді

0
809

Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды.


Сібір жарасына байланысты Абай облысындағы ауылдардың біріне төтенше жағдай енгізілді

ERNUR.KZ. Абай облысындағы Жетіжар ауылында жергілікті тұрғын сібір жарасын жұқтырды деген күдікке байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп жазады zakon.kz.

Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жетіжар ауылының тұрғыны ПТР тестінен өтті, әзірге ауру расталмады, дегенмен ауылға ТЖ енгізілді.

"Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

Жетіжар ауылының кіре берісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды. Сондай-ақ жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әкімдік Сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайтынын айтып, ауыл тұрғындарын сабырға шақырды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немене лас тағамдар мен ауыз судан жұғуы мүмкін.