СІМ тәліптердің Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді

0
346

​Сенат кулуарында Василенко журналистерге "Талибан" сауда министрлігі басшысының міндетін атқарушы Нуреддин Азизидің келетінін растады.


СІМ тәліптердің Қазақстанға келуіне қатысты пікір білдірді

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко тәліптердің биыл жазда Астанада өтетін халықаралық форумға Қазақстанға шақырылуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Сенат кулуарында Василенко журналистерге "Талибан" сауда министрлігі басшысының міндетін атқарушы Нуреддин Азизидің келетінін растады.

"Шынымен де, ол биылғы 13-14 маусымда елордамызда өтетін халықаралық Астана форумына шақырылып отыр. Бүкіл "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясына ұшырамағаны сияқты, бұл мырза БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің санкциясына ұшырамаған", - деді министрдің орынбасары.

Роман Василенконың айтуынша, бұл адам бұған дейін Қазақстанға бизнес-форумға қатысу үшін келген. Роман Василенконың айтуынша, қазіргі уақытта тәліптерді халықаралық қауымдастық, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі әлі мойындаған жоқ.
"Алайда бұл ел (Ауғанстан – еск.) біздің аймақтық көршіміз, сондықтан аймақтағы көптеген елдер, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, тек Қазақстан ғана емес, Қытай, Ресей, Пәкістан және басқа да мемлекеттер онымен қарым-қатынас орнатып жатыр", - деп түйіндеді ол.