Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
ERNUR.KZ. Синоптиктер Қазақстандағы 27-29 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Zakon.kz.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
"27 маусымда солтүстік-батыста, 27-28 маусымда солтүстікте, шығыста, 29 маусымда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Еліміз бойынша синоптиктер бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжап отыр.
Ауа температурасының күрт өзгеруі болжанбады. Республиканың барлық аумағында салқын ауа райы сақталады.