Қазір оған төрт орфандық ауру мен 19 жаңа дәрі-дәрмек енгізілді.
ERNUR.KZ. Қазақстанда сирек ауруларға шалдыққан балаларды емдеуге арналған препараттардың тізімі кеңейтілді, деп жазады zakon.kz.
Қазір оған төрт орфандық ауру мен 19 жаңа дәрі-дәрмек енгізілді.
Лейкоз, эпилепсия, нейробластома, С жұқпалы гепатит секілді созылмалы аурулармен ауыратын екі мың балаға амбулаторлық деңгейде ем-дом көрсетіледі.
Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде 26 орфандық ауруларға шалдыққан 13 мыңдай науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, жергілікті бюджет есебінен орфандық дертке шалдыққан екі мыңдай бала қажетті көмек алғанын атап өтті.