​Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған екі Қазақстан азаматы қамауға алынды

0
117

Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған.


​Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған екі Қазақстан азаматы қамауға алынды

Фото: ҚР ҰҚК

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп-тексерген Қазақстанның 2 азаматына қатысты қылмыстық істер бойынша сот процесі аяқталды, деп жазады inform.kz.

Олар 2020-2022 жылдары Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған.

Шетелдік әріптестермен бірлесе жүргізілген операциялардың нәтижесінде олар шетелде табылған, елге жеткізіліп, қамауға алынды.
Солардың біреуі Түркістан облысының тұрғыны, террористік топтың әрекетіне қатысқаны үшін кінәлі деп танылған (ҚК 257 бабы).
Екіншісі, Атырау тұрғыны, осындай қылмысты жасағаны, сондай-ақ шетелде террорлық дайындықтан өткені үшін сотталған (ҚК 260 бабы).
Екі фигурантқа да әртүрлі жаза өтеу мерзімі тағайындалып, үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігі Сирияда еліміздің 33 азаматы қалғанын хабарлады. Олар негізінен кезінде Сирия азаматтарына тұрмысқа шығып, дүниеге бала әкелген қазақ әйелдері.