Сирияға соғысуға кеткен Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды

0
180

Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталған.


Сирияға соғысуға кеткен Қазақстан азаматы Түркияда ұсталды

фото: ҚР ҰҚК

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған азамат Қазақстанға қайтарылғанын хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 16 қарашада Бас прокуратурасымен әрекеттесе отырып Анталия қаласынан Алматыға халықаралық террористік ұйымның әрекетіне қатысы бар деген күдікпен ҚР азаматын алып келген. Тергеу материалына сәйкес, ол ертеректе Сирияға кетіп, қарулы топтардың біріне қосылған. Содан кейін Түркияға жетіп, сол жерде полиция органдарының қолына түскен.

Оның өз еркімен Қазақстанға қайтып, заңмен қарастырылған қылмыстық жауапкершілікті тартуға дайын екені анықталған. ҰҚК фигурантқа қатысты қылмыстық кодекстің 257-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Ол сот санкциясымен қамауға алынды.