Компанияның бұрынғы басшылығының үстінен қозғалған тергеулер аяқталғанша қазіргі басқарма мүшелеріне де жыл сайынғы бонустық сыйақы төленбейді.
ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «СҚ-Фармацияның» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевке компанияның әкімшілік шығындары туралы сұрақ қойылды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Былтырдан бастап біз бүкіл жүйені қайта жүктеп, әкімшілік шығындарды үздіксіз оңтайландырып келеміз. Атап айтқанда, шығындарды үнемдеуден 239 млн теңге артылды. Байланыс қызметтері бойынша шығыстар қысқартылып, имиджд шығындары толық қысқартылды. Жөндеу жұмыстарына арналған шығындар, сондай-ақ сот даулары бойынша шығындар да жойылды. Министрліктің тапсырмасы бойынша ғимаратты жалға алу шығыстарын бір шаршы метрге 7 000 теңгеден 5 990 теңгеге дейін төмендеттік. Бұл нарық бағасы. Қазір автокөлікті жалға пайдаланып отырмыз. Бұл сомаға жүргізушілердің жалақысы, қызмет көрсету, жанармай шығыны кіреді. Оның көлемі былтырғыдан жоғары емес», - деген «СҚ-Фармация» басшысы биыл қанша сыйақы алатындарын айтты.
«СК-Фармация» сыйақыларға биыл 179 миллион теңге бөлді. Медициналық ұйымдар шеңберінде алсақ, стандартты сома деуге болады. Бұл сыйақының басқарма мүшелеріне қатысы жоқ», - деді Ерхат Есқалиев.
Компания басшысы бұл сөзінің мәнін была түсіндірді. Компанияның бұрынғы басшылығының үстінен қозғалған тергеулер аяқталғанша қазіргі басқарма мүшелеріне де жыл сайынғы бонустық сыйақы төленбейді.
«Өз айлығыма келер болса, оны әрқашан ашық айтып жүрмін – 1 млн 300 мың теңге. Бұдан қолға таза түсетіні мысалы, миллион теңгеге жетпейді», - деді Ерхат Есқалиев.