Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ERNUR.KZ. ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті "Қазына" жедел алдын-алу шарасы нәтижесінде радиостанциялардың жеткізіліміне сатып алулар туралы қол қойылған келісім-шарт шеңберінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп жазады zakon.kz.
Мемлекетке келтірілген залалдың сомасы 110 млн теңгеден асады.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК 189-бабының 4-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды, қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.