Ол өңірлерде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелмеген.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы бес ауылда карантин алып тасталды, деп хабарлайды "Хабар 24".
Дереккөз мәліметінше, ол өңірлерде коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелмеген.
Бұдан басқа, 14 елді мекеннің, соның ішінде Петропавлдың әлі күнге дейін карантинде екені айтылады. Кейінгі тәулікте онда 46 адамнан коронавирус анықталған. Санитар дәрігерлер соңғы аптада өсім 37 пайыз болғанын айтады.