СҚО-да қылмыс әлемінің серкесі Серік «голова» қайтыс болды

0
120

​Ол бауыр ісігіне шалдыққан.


СҚО-да қылмыс әлемінің серкесі Серік «голова» қайтыс болды

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. СҚО-да қылмыс әлемінің серкелерінің бірі Серік Жаманаев қайтыс болды. Ол бауыр ісігінен көз жұмды. Ақпаратты облыстық ҚАЖД растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қылмыстық ортада белгілі Серік голова 2021 жылы ауыр қылмыс жасағаны үшін 19 жылға сотталды. Өткен жылдың желтоқсан айында Жаманаев медициналық тексеруден өтті. Сол кезде үшінші сатыдағы бауыр онкологиясын анықтады.

«Сол сәттен бастап ол дәрігерлердің үнемі бақылауында болды. Сотталған адам тексеруден өту және емделу үшін бірнеше рет медициналық ұйымдарға жеткізілді. 8 сәуірде ол көпсалалы онкологиялық ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шараларға қарамастан, 25 сәуірде ол қайтыс болды», - деп хабарлады СҚО ҚАЖД.

Қазір ведомство сотталған адамның қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізуде.