СҚО-да мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды

0
261

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін Тимирязев аудандық ауруханасына пышақ жарақатымен 2009 жылғы жасөспірім түсті.


СҚО-да мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында мектеп оқушысы сыныптасына пышақ сұғып алды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inform.kz.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін Тимирязев аудандық ауруханасына пышақ жарақатымен 2009 жылғы жасөспірім түсті.

«Оң жақ иығынан жарақат алған. Қазір аудандық ауруханада жатыр. Жарасын тікті. Қазір жағдайы тұрақты», - деді баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі мәлім еткендей, осы қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ата-анасының кепілгерлігімен босатылды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

«Құқық бұзушының жасын ескере отырып, полиция қызметкерлері ата-анасын бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Жасөспірім профилактикалық есепке алынады. Сондай-ақ, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұған дейін СҚО-да зейнеткер жасөспірім қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін 13,5 жылға сотталғанын жазған едік.