​СҚО-да тауықтары қырылған тұрғындарға өтемақы төленбейді

0
1 320

Қазірге мәлімет бойынша, 500 тауық қырылып қалды.


​СҚО-да тауықтары қырылған тұрғындарға өтемақы төленбейді
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына қарасты Елецкое ауылында үй құстары арасында Ньюкасл ауруы тарады деп хабарлайды ERNUR.KZ 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазірге мәлімет бойынша, 500 тауық қырылып қалды. Осыған байланысты елді мекенде карантин жарияланды. Облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Әлжановтың айтуынша, құстары қырылған тұрғындарға өтемақы төленбейді. Себебі тұрғындар үй құстары туралы мал дәрігеріне есеп бермеген. Сондықтан дерттің таралуына адамдардың өздері кінәлі. Қазір бұл ауылда зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Бір жарым мың құсқа екпе жасалды. Ньюкасл ауруының өзге аумақтарға таралып кеткені жөнінде мәлімет жоқ.

«Ньюкасл ауруының адамға еш зияны жоқ. Құстың еті мен жұмыртқасын термикалық өңдеуден кейін жеуге де болады. Бұл дертке тауықтар ғана шалдығады. Қалған қанаттыларға жұқпайды. Қазір көрші ауылдар да бақылауға алынды. Әзірге ауру белгілері байқалмады», - деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Әлжанов.