СҚО-дағы Тепличное ауылында түні бойы бөгеттер нығайтылған

0
174

Өзен деңгейі мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайы тәулік бойы бақыланады.


СҚО-дағы Тепличное ауылында түні бойы бөгеттер нығайтылған

фото: ТЖМ

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Тепличное ауылында бөгетті нығайту жұмыстары тәулік бойы, күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ТЖМ мәлімдеді, деп жазады tengrinews.kz.

Министрлік мәліметінше, өзен деңгейі мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайы тәулік бойы бақыланады.

"Сағат 00:00-дегі жағдай бойынша Петропавлдағы Есіл өзеніндегі су деңгейі 1152 сантиметр болды", - деді облыс әкімдігі өкілдері.

Бөгеттерді нығайту жұмыстары түні бойы жалғасқан.

"Жағдай Төтенше жағдайлар министрлігінің бақылауында", - деді ведомство өкілі.


Еске салайық, бұған дейін Петропавлға су тасқынының үшінші толқыны келе жатқаны хабарланды. Ресми мәліметтерге сәйкес су тасқынының шарықтау шегі 28-30 сәуірде болады делінді, бірақ қазірдің өзінде қалаға су келген.

Осы аптада әкімдік отырысында СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы айтты. Облыс әкімінің сөзінше, биыл Сергеев су қоймасында алғаш рет үшінші толқын байқалып отыр.

Оған қоса бұған дейін өңір әкімі Ойқала мен Былғары кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарындағы жағдай ерекше бақылауда екенін мәлімдеген еді.