Облыста жүзеге асырылып жатқан Digital Aimaq жобасы қорытынды кезеңіне аяқ басты.
ERNUR.KZ. Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында Ботай мәдениетінің археологиялық мұрасы мен заманауи технологияларды ұштастырған инновациялық BotAi CREATIVE IT CENTER орталығы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сайты.
Жаңа BotAi CREATIVE IT CENTER ерекше тұжырымдамамен ашылды. Орталық республикалық «Ботай» музей-қорығымен бірлесіп жұмыс істейді.
Оның ішіне:
• робототехника және ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару аймақтары;
• GameDev (ойын әзірлеу) және медиаөндіріс студиялары;
• киберспорт алаңы мен коворкинг кеңістігі;
• бағдарламалау негіздерін оқытатын IT-сыныптар кіреді.
Орталықтың ашылуы аясында дрон технологияларын енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен аудан кәсіпкерлерінің цифрлық құзыреттерін дамыту жөнінде бірқатар меморандумдарға қол қойылды.


