Смайылов Ресей вице-премьерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселесін талқылады

0
433

​Үкімет үйінде Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Алексей Оверчукпен кездесті.


Смайылов Ресей вице-премьерімен сауда-экономикалық ынтымақтастығы мәселесін талқылады

Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. primeminister.kz. сайтына сілтеме жасады.

Сондай-ақ олар екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары бойынша пікір алмасты.
Айта кетері, 10 маусымда Нұр-Сұлтанда ТМД Экономикалық кеңесінің 94-ші отырысы өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения, Тәжікстан, Түрікменстан, Беларусь вице-премьерлері және тағы басқалары қатысты.