Бұған дейін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.
Ғауез Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.
Президенттің жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.
"Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген құжатта.
Ғауез Торсанұлы 1968 жылдың 11 шілдесінде Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген.1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын «ғалым агроном» мамандығы бойынша, 2002 жылы – Челябі мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша, 2008 жылы – Қостанай инженерлік-экономикалық университетін «экономика бакалавры» мамандығы бойынша білім алған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Ғауез Торсанұлы өзінің еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы «Магнайский» совхозының № 1 бригадасының механизаторы болып бастады.
1992-1994 жылдары Торғай облысы Октябрьсий ауданы Вильямс атындағы совхоздың бас агрономы.
1994-1996 жылдары-Қостанай облысы Қостанай ауданы "Московский" совхозының бас агрономы.1996-1997 жылдары- Қостанай облысы Комсомольский ауданы «Боскольское» КК директоры.1997-2002 жылдары-Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.2002-2008 жылдары-Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі.2008-2009 жылдары – Қостанай облысы Қостанай қаласының әкімі.2009 жылдан 2011 жылға дейін - Қостанай қаласы "Содружество" ЖШС бас директорының орынбасары.2011-2012 жылдары-Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі. 2012 жылдан 2014 жылға дейін-Қостанай қаласының әкімі.2014 жылдан 2015 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.2015 жылдан 2023 жылға дейін - Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары
2023 жылдан 25 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Депутаты. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.
Үйленген, төрт баласы мен немересі бар.