Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 555,7 мың адамға жетті

0
1 522

Тұрғындардың 45,3 пайызы - 251,7 мыңы қалада тұрса, қалған 304 мыңы ауылда тұрақтағандар


Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 555,7 мың адамға жетті

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысындағы халық саны 555,7 мың адамға жетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Статистикалық мәліметке сүйенсек, тұрғындардың 45,3 пайызы - 251,7 мыңы қалада тұрса, қалған 304 мыңы ауыл тұрғындары.

Ал өңірдегі 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күшінің саны - 314,5 мың адам немесе 70,5 пайыз. Облыс экономикасында 299,6 мың солтүстікқазақстандық жұмыспен қамтылған. Жалданып нәпақасын тауып жүргендердің басым бөлігі (88 пайызы) кәсіпорындарда еңбек етеді.

Өздерін жұмыспен қамтып отырғандардың саны - 82 мың адам. Олардың 63 пайызы ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді. Қалғандары сауда және көлік қызметін көрсету салаларында жүр. Жұмыссыз жүргендердің басым бөлігі, әдеттегідей әйелдер - 7,6 мың адам.

Жалпы, жұмыссыздық деңгейі облыста 4,8 пайыз болып отыр.