Термометр бағаны 2 градус суықты көрсетуде
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында алғашқы қар түсті, деп жазады ҚазАқпарат.
Мамлют, Есіл және Тайынша аудандарының тұрғындары бүгін таңертең тұрғанда терезелерінен қар басқан көшелерді көрді. Петропавлға қыс келуге әлі ерте. Алайда термометр бағаны 2 градус суықты көрсетуде. Кеше кешке мұнда жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты.
Синоптиктер кеше солтүстікқазақстандықтарды 13 қазанда ауа температурасы төмендеп, қар аралас жаңбыр жауатыны туралы ескерткен болатын.
Бүгін аймақта әуелі оңтүстік-батыстан соғатын жел кейін солтүстік-батыс бағытқа ауысады. Кей жерлерде жел екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі ықтимал. Күндіз ауа температурасы 3-10 градус жылы болады.