Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Фото: stan.kz.
ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты туған анасын ұрып өлтірген 59 жастағы ер адамды 11 жылға бас бостандығынан айырды, деп жазады inbusiness.kz.
СҚО сотының мәліметінше, оқиға биыл 9 тамызда Тайынша қаласында болған.
Прокурор мен жәбірленуші Б.-ны кінәлі деп тануды және 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады.
Жасалған қылмыстың мән-жайын және оның ауырлығын ескере отырып, сот Б.-ны ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сотталушы сондай-ақ жазасын өтеу орнында маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.