Кездесуден кейін екі тарап БАҚ өкілдеріне арнайы мәлімдеме жасады.
ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қазақстанға ресми сапармен келген Солтүстік Македония Сыртқы істер министрі – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Іс басындағы төрағасы Буяр Османимен кездесті, деп жазады baq.kz.
Кездесуден кейін екі тарап БАҚ өкілдеріне арнайы мәлімдеме жасады.
Буяр Османи мырза екеуміз экономикалық серіктестіктің өрісін одан әрі кенейту мемлекеттеріміздің мүддесіне сай екенін мәлімдеп, өзара тығыз жұмысты жалғастыру қажет екенін топшыладық. Бұл ретте, сауда айналымының оң динамикасын құптадық. 2022 жылдың нәтижелері бойынша бұл көрсеткіш 5,5 есеге өсті. Салыстырмалы түрде көлемі аз болғанмен, оның болашағы зор. Қазірдің өзінде Қазақстан экспорттық тауарлардың санын өсіріп, саудамызды 350 млн долларға көбейте алады. Іскерлік байланыстардың даму қарқынын сақтау мақсатында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға келістік. Әрине, 2020 жылы құрылған бұл механизмнің берері мол, - деп мәлімдеді Мұрат Нұртілеу.
Нұртілеудің айтуынша, екі тарапта жаңа технологиялар, энергетика, ауыл шаруашылығы, тау-кен, туризм сияқты перспективалы салаларға көңіл бөлуге дайын екенін айтқан.
Екі елдің теңізге тікелей шығатын жолы болмағандықтан, қос мемлекет үшін сауда маршруттарын дамыту аса маңызды. Азаматтарымыз үшін визасыз режим енгізу мүмкіндігі де талқыланды. Біздің ойымызша, мұндай қадам көптеген саладағы қарым-қатынастардың тұрақты дамуына қажетті негіз қалар еді, - деді Сыртқы істер министрі.