Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

0
139

Өзекті мәслелердің бірі – тағамнан уланудың алдын алу және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

ERNUR.KZ. Ол – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің басым бағыттарының бірі. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде тіркелген қоғамдық орындарда тағамнан улану жағдайларының саны өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе азайды. Өткен жылдың осы кезеңінде мұндай 19 жағдай тіркелген. Сонымен қатар ауру ошақтары санының азаюы олардың салдарының жеңілдеуін білдірмейді. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында осылай деді.

«Биыл қоғамдық орындарда тағамнан улану салдарынан 379 адам зардап шекті. Оның 141-і балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 308 адам зардап шеккен, оның 167-сі – 14 жасқа дейінгі балалар. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тағамнан уланбау тиісті шаралардың оң нәтижері болып табылады. Аталған әр жағдай бойынша эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізілді», – деді спикер.

Ауру ошақтарының негізгі себептері санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың өрескел бұзылуына байланысты болды. Мәселен, рұқсат беру құжаттарының болмауы, медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмысқа жіберу, тағам дайындау технологиясын орындамау жағдайлары. Барлық 8 жағдай бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді, 8 қылмыстық іс қозғалды, 6 нысанның жұмысының тоқтату туралы қаулы қабылданды. 94 келіден астам өнім айналымнан шығарылды. Қазір 20 мыңнан астам нысан бақылауда. Биылғы 6 айда 600-ден астам тексеру жүргізілді. Жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Топтық улану санының азайғанына қарамастан тағамнан улану қаупі әлі де сақталуда. Басты себеп – санитариялық талаптардың сақталмауы.